top of page

                Компьютерлік вирустар

 

 Өмірдегі сияқты компьютер әлемінде де көптеген кедергілер кездеседі. Программалардың ашпай қалуы, компьютердің дұрыс жұмыс істемеуі және т.б сияқты. «Вирус» — көбімізге әлі биологиялық термин. Солай болуы да тиіс. Індет қоздырушының осынау бір атауы, компьютер саласына өткен ғасырдың сексенінші жылдарының басында ене бастады. IT тарихшылары оларды әу баста қалжың үшін жазылған кодтар дейді. Ол рас болса, ойынымыз осылды деген осы: жыл сайын вирустар миллиардтаған доллар шығын әкеледі.
Алғашқы вирустар өте қарапайым болыпты. Әрі кетсе басқан қарпіңнің орнына басқа қаріп шығатын болса керек. Ол вирустарды қолданушы өзі қолымен жойып тастай алатындай қарапайым болыпты.
Уақыт өте келе вирус жазушылардың біліктілігі артып, енді вирустан құтылуға жекелеген адамның қабілеті жете бермеген көрінеді. Алдымен тек бір вирустың түрін жоятын программалар шығыпты. Сосын вирус тым көбейіп кеткесін олардың әрқайсысын жоюға бөлек программа жаза беру мүмкін болмағандықтан, вирустар қоры бар программалар шығыпты. Енді, міне, антивирус жазу софтвеер өндірісінің бір бағытына айналды. Бұның барлығы вирустардың әсерінен болады. Вирустар дегеніміз бұл арнайы жазылған шағын көлемді программа. Олар басқа программмалардың алдына, не соңына қосымша жазылады да ол программаны бүлдіруге кіріседі. Бұл вирус жұққан программалар «зақымдалған» немесе «бүлінген» деп аталады.

Вирустың пайда болу белгілері:
· Программа дұрыс жұмыс істемейді немесе жұмысын тоқтатады.
· Экранда бөгде символдар , хабарламалар шығады.
· Компьютер баяу жұмыс істейді.
· Кейбір файлдардың бұзылуы.    
· Компьютер жұмысындағы жиі тұрып қалулар және жаңылысулар.
Вирустар 3 типке бөлінеді.
1. Мекендеу ортасына қарай.
2. Жұмыс логикасы мен мақсатына қарай.
3. Мақсатына қарай.

 

Мекендеу ортасына қарай вирустар: файлдық, жүктейтін, макровирустар.
Файлдық вирустар-қолданбалы программалардың ішіне енгізілген программалық кодалық блоктар. Вирустық кода программа жүктелгенде орындалады.
Зиянсыз – компьютер жұмыс жасауына әсер етпейді, бірақ өз-өзін көбейту арқылы компьютер жадындағы бос орындарды кемейтуі мүмкін.

  • Қауіпсіз – диск жадын графикалық, дауыстық, ішкі эффекттер арқылы азайтады.

  • Қауіпті – компьютер жұмысының қатып қалуына алып келеді.

  • Аса қауіпті – бағдарламалар, ақпараттар жоғалуына, өзгеруіне немесе қатты дисктегі сақталған құжаттар жоқ болуына алып келеді.

  • Вирустар сақтау орнына және тұратын ортасына қарай мына түрлерге бөлінеді:
     

  • Файлдық вирустар – .com, .exe, .sys кеңейтпелеріне ие бағдарламаларға зақым келтіріп, компьютердің өшуіне дейін алып келеді. Заңсыз бағдарламаларды, әсіресе, ойындарды көшіріп алу арқылы компьютерге кіреді.

  • Жүктелуші вирустар – кейбір бағдарламаларды, ақпараттарды жүктегенде зақымдану пайда болады. Қорғану жолдары: 1) күмәнді сілтемелерге, жүктеу көрсетілген сілтемелерге басуға, кіруге болмайды. 2) компьютер жүктеуден зиян көрмеу үшін BIOS (Setup) қорғаныс қою керек.

  • Макровирустар – Word және Excel құжаттарына зиян келтіреді. Бұл вирустар макрокомандалардан (макростардан) тұрып, құжаттарға салынады және құжаттардың стандартты шаблонына зақым келтіреді. Word, Excel құжаттарды ашқанда, онда макрос бар екендігі туралы хабар келеді. Егер макростардың жүктелуіне тыйым салуды қаласаңыз, макростардың пайдалы мүмкіндіктерінен де мақрұм боласыз.

  • Желілік вирустар – компьютердегі желі арқылы таралады. Пошта жәшігіңіздегі хабарламаны ашқанда кірген файлдарға мән берген жөн!

  • Иконка Facebook
  • Иконка Twitter
  • Иконка youtube

Әлеуметтік желілер

Ақпарат қауіпсіздігі және қорғау сайт  Wix.com да құрылды

bottom of page