top of page

                          Антивирустар

Детектор программалар- бұлар тек бұрыннан белгілі вирус түрлерінен ғана қорғай алады, ал кейінгі вирус түрлеріне дәрменсіз болып келеді.Доктор программалар- бұлар вирус жұққан программалар мен дискілерден вирус әсерін алып тастау арқылы емдеп, бастапқы қалпына келтіреді.Ревизор программалар- бұлар ең алдымен программалар мен дискінің жүйелік аймағы туралы мәліметтерді есіне сақтап, оны әлсін-әлсін кейінгісімен салыстырып отырады да сәйкессіздікті анықтаса дереу программа иесіне хабарлайдыДоктор-ревизорлар- бұл доктор программалар мен ревизор программалардың арасынан шыққан гибрид. Бұлар файлдағы өзгерістерді анықтап қана қоймай, оны автоматты түрде емдеп, бастапқы қалпына келтіреді. Полифагтар немесе фагтар, бұлардың қызметі вирустарды табу ғана емес, оның кодасын жұқпалы программадан жою.Өте қуатты полиграф-сканерге Данилов құрған Dr.Web программасы жатады. Бұл программа вирустарды жақсы айырып таниды. Касперский зертханасы құрған Kasperski антивирусы да сенімді антивирустардың бірі ретінде әлемге аян. Сүзгі программалар- бұлар компьютердің оперативті жадына тұрақты түрде орналасып вирустардың зиянды әрекетіне әкелетін операцияны ұстап, оны программа иесіне хабарлайды. Одан әрі шешім қабылдау әркімнің өзіне байланысты.Тағы айтып кететін жай қазіргі таңда көптеген антивирусты программалар бар.Олар:

1) Avast! Free Antivirus 6.0.1352 бұл антивирусының негізгі ерекшеліктері:
— Вирусқа қарсы тексеру өте жылдам және компьтердің ресурстерін көп қажет етпейді.
— руткиттерге қарсы қорғаныс
— шпиондық программалардан қорғаныс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2) Cognitive CuneiForm 12.
CuneiForm — бұл программаның көмегімен сіз кітаптан, газеттен, басқа жерден сканер арқылы алған мәтінді ворд прогараммасына түсіріп, сол жерде өңдей аласыздар. Айталық сізге тез арада үлкен көлемде ақпаратты жазып, өңдеу керек, ал уақыт болса тапшы. Не істеу керек?Әрине бұл программа осындай тапшы адамдарға арналған.
Өндіруші: Cognitive Technologies Ltd.
Лицензиясы: Freeware
Қолдайтын системалары: Windows XP, Vista, Win7

Интерфейс тілі: Орысша

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

3) PC Tools AntiVirus 2012
PC Tools AntiVirus Free Edition программасы шпиондық және басқа да вирустарды тауып жояды. Бұл антивирустың бір қасиеті ол автоматты түрде сіздің компьютеріңізді бақылап отырады және сізге вирус кірсе оны бірден тауып жояды.
PC Tools Antivirus сізге вирустардан және трояндар мен зиянкестерден жақсы қорғаныс ұсынады. Антивирустық базасын тез жүктейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4) AVG AntiVirus Free
AVG Anti-Virus Free Edition — танымал антивирус, үйде пайдаланушыларға толық тегін. Вирустық базасын өте тез жүктеуімен, қолдануының қарапайымдылығымен ерекшеленеді.
AVG Anti-Virus Free Edition мына компонентерінен тұрады: сканер, монитор, электрондық поштаның сканері және автоматты түрде вирустық базасының жаңартылуы.
Өндіруші: Grisoft Inc
Лицензия: Freeware
Қолдайтын системалар: Windows XP, Vista, Win7
Интерфейс тілі: Орысша
5)Delete doctor
Delete doctor әмбабап программалардың бірі болып табылады. Ол арқылы сіз неше түрлі өшірілмейтін файлдарды жоя аласыз. Мысалы:аты дұрыс жазылмаған, бүлінген, қорғалған, вирустар қалдырған файлдарды жоюға болады. Пайдалану өте қарапайым.

 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

  • Иконка Facebook
  • Иконка Twitter
  • Иконка youtube

Әлеуметтік желілер

Ақпарат қауіпсіздігі және қорғау сайт  Wix.com да құрылды

bottom of page